КПЛ
6 шілде 2020 14:11

"Ақтөбемен" соттасқан камерундық карьерасын кипрде жалғастырады

Сурет "Ақтөбе" клубының сайтынан алынды.
33 жастағы "Ақтөбенің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Джозеф Нейн карьерасын кипрлік АСИЛ клубында жалғастырады. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлап отыр. 


Дереккөздің мәліметі бойынша, жартылай қорғаушы жаңа клубымен ауызша келісімге келіп қойпты. 

Джозеф Нейн 2016 жылдың қаңтары мен 2017 жылдың маусым айына дейін "Оқжетпес", 2017 жылдың маусым айы мен 2018 жылдың қаңтарына дейін "Ақтөбе" сапында, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап "Атырауда" ойнады. Жалпы ол ел біріншілігінде 82 кездесуге қатысып, екі гол соққан. 

2019 жылдың соңында камерундық ойыншы ФИФА-ға "Ақтөбе" клубының үсітенен шағым жазған болатын. Шағымда ол клубтың ешқандай негізсіз бір жақты келісімшартты бұзды деп айыптады. Бірнеше апта бұрын ФИФА футболшының шағымын қарастырып, клубтың пайдасына шешім шығарды.