КПЛ
19 ақпан 2017 23:08
 
"Ақтөбе" секілді отбасының бір мүшесі болғаныма қуаныштымын - Берік Айтбаев

  Пікірлер

blog.share

"Ақтөбе" секілді отбасының бір мүшесі болғаныма қуаныштымын - Берік Айтбаев Берік Айтбаев. "Ақтөбе" ФК ресми сайтынан

"Ақтөбе" командасының ойыншысы Берік Айтбаев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаңа командасы жайында, Түркияда өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындары барысы туралы және бас бапкер Игорь Рахаев жұмысы жайлы айтып берді.

- Берік, аманбысың? Көңіл-күйің қалай? «Ақтөбенің» Түркиядағы жиыны қалай өтіп жатыр?

- Рақмет. Көңіл-күй тамаша. Белектің базасы жайлы, маусымға тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Ауа-райының жылы болып тұрғаны да қуантады. Жаттығулар күнделікті екі уақытта болып жүр. Бәрінің көңіл-күйлері жақсы, ынта-шынтасымен жұмыс жатыр.

- Сен алғашқы жиында-ақ «ақ-қызылдармен» келісімшартқа отырдың. «Ақтөбеге» ауысудың мәнісі неде?

- Ақтөбенің футбол қаласы екендігі баршаға мәлім. Маған «Ақтөбе» клубының өкілдері шықты, мен көп ойланбастан келістім. «Ақтөбеге» ауысқаныма өте қуаныштымын. Бұл менің футбол мансабымдағы жаңа парақ, жаңа командаға тек пайдамды тигізсем деймін.

- Сен ойын мансабыңда көптеген бапкерлердің қоластында ойнадың. Бас бапкер Игорь Рахаев жайлы не айтасың? Қандай да бір дара мінезі қандай?

- Балалар-жасөспірімдер футболынан бастап менің көптеген жақсы бапкерлерім болды. Игорь Владимирович те сондай бапкерлердің қатарында. Рахаев өте жақсы бапкер, өз ісін жақсы біледі. Әрбір ойыншыға не айту керектігін біледі, команданы әрдайым жеңіске жігерлендіреді.

- Сен ОЖЖ-ғы әрбір ойында бастапқы құрамнан көрініп келесің. Бұл алдағы маусымда саған зор сенім артылады деген сөз бе? Бәсекелестікті қалай түсінесің? Негізгі құрамдағы орын үшін бәсекелесуге дайынсың ба?

- Бапкерлік штаб маған сенім артып жатса – бұл менің үшін мәртебе. Әуелі маусымның басталғанын күтейік, менің негізгі құрамнан көрінер-көрінбесімді сол кезде білесіздер (күледі). Ал мен өз кезегімде өз командамның жеңіске жетуі үшін қолымнан келгенін жасайтын боламын. Бәсекелестік ешқашан артық етпейді. Командада спорттық бәсекелестік болған кезде ғана өсу болады. Бұл нәрсе мені тек жігерлендіреді.

- Үш қорғаушы схемасы саған ыңғайлы ма? Бұрын-соңды солай ойнап көрдің бе?

- Мен бұрын үш қорғаушымен ойнап көрген емеспін. Қазақстан клубтары екі орталық қорғаушымен ойнағанды құп көреді. Қиын ештеңесі жоқ, маған жаңа ойын үлгісімен ойнаған өте ыңғайлы.

- Ұжым ішіндегі ахуалды айтып берсең. Командада үш бразилиялық, бір аргентиналық, жергілікті ойыншылар бар. Тіл табыса алдыңдар ма? Уақытты көңілді өткізесіңдер ме? Жаттығудан босаған соң немен айналысасыңдар?

- Бізде өте жақсы ұжым жасақталып жатыр, жігіттер өте көңілді. Бір-бірімізбен доспыз. Жиында бос уақыт бола бермейді. Жаттығулардан соң тынығып аламыз, қайта қалыпқа келуге көңіл бөлеміз.

- Жанкүйерлер ОЖЖ-дағы соңғы ойындардың нәтижелеріне алаңдаулы. Бұл жайлы не айтасың?

- Аса алаңдаудың қажеті жоқ, себебі оқу-жаттығу жиындарындағы ойындар дайындық үшін қажет қой. Біздің команда жаңадан құрылған, бәріміз бапкерлік штабтың ойға алған жоспарларын орындауға тырысамыз. Алдағы маусымға дайын боламыз.

- Бұл біздің соңғы сұхбатымыз емес деп ойлаймыз. Ақтөбе жанкүйерлерінің команданы қалай қолдайтыны жайлы естіген боларысң? Жанкүйерлерге өз сәлеміңді жолдай қой.

- Иә, мен Ақтөбе жанкүйерлері жайлы көп естідім, әсіресе «13 секторды» елімізде бәрі таниды. Мен осы отбасының бір мүшесі болғаным үшін қуаныштымын. Біздің командаға сеніңіздер! Кездескенше!

blog.share
"Ақтөбе" командасының ойыншысы
Берік Айтбаев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаңа командасы жайында, Түркияда өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындары барысы туралы және бас бапкер Игорь Рахаев жұмысы жайлы айтып берді.

Жарнама

Живи спортом!