auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ақтөбе" намысы үшін аянып қалмаймыз - Бауыржан Байтана

"Ақтөбе" намысы үшін аянып қалмаймыз - Бауыржан Байтана
Бауыржан Байтана. Сурет "Ақтөбе" ФК баспасөз қызметінен
Бауыржан Байтана "Ақтөбе" командасының сапына қосылғалы клубтың баспасөз қызметіне алғашқы сұхбатын берді.

- Бауыржан сәлем! Әуелі денсаулығыңды сұрағым келіп отыр, жарақатыңнан айығып қалдың ба? Жанкүйерлер сенің соңғы жолдастық кездесуде алаңға шыққаныңды көріп қуанды. Жарақатыңнан толық жазылдың ба?

- Қайырлы күн. Иә, толықтай айықтым деп айтуға болады. Бірінші жиында жарақат алған едім, бірақ қазір бәрі жақсы. Соңғы ойында екінші таймды толық ойнап шықтым. Ойын ритміне әсте-әсте ену керек, бұл бапкердің шешімі. Себебі бірнеше жаттығу процестерінен тыс қалдым. Сол себепті де бастапқы құраммен бірге шықпадым, бірақ өзім 100 % дайынмын.

- Сен желтоқсан айынан бастап командадасың. Келісімшартқа да отырдың. Бәрі сен ойлағандай болып жатыр ма? Көңіліңнен шығып жатыр ма?

- Иә, «Ақтөбемен» бірге жүргеніме осымен үшінші айға кетіп бара жатыр. Бәрі мен ойлағандай болып жатыр. Бәрі көңілімнен шығып жатыр, өзімді жайлы сезінудемін. Келісімшартқа отырар алдын мен жаңа командамның болашаққа құрған жоспарын анықтап білдім. Бірақ «Ақтөбе» алдына үнемі биік мақсат қоятын команда екені белгілі ғой, мен еш ойланбастан келіп қосылдым.

- Бас бапкер Игорь Владимирович жайлы не айтасың? Рахаевтың қоластында жаттыққан қалай екен? Бұл маман ТМД елдеріне танымал бапкер. Бапкерлік штабтың мықты тұстарын атап берсең?

- Рахаев өте мықты маман. Ол кісімен бірге жұмыс жасап жатқаныма қуаныштымын. Жаттығу процесіне келер болсақ, көбіне доппен жұмыс жасаймыз. Игорь Владимирович доппен жұмыс жасағанды жақсы көреді. Алаңда ең бірінші баспен ойлау керек екенін басты айтады. Арадағы қарым-қатынасқа ешнәрсе кедергі емес. Танысқан күннен бастап әңгімеміз жарасып кетті. Арада үш ай өткеннен соң, бапкердің философиясын, бапкерлік штабтың ойға алған жұмыстарын барлық ойыншыларға жете түсіне алды. Біздің басты жұмысымыз – бапкердің берген тапсырмасын алаңда толық орындау. Бапкердің көңілінен шыға алатын боламыз деп үміт етем. Әр ойында керекті нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды салатын боламыз.

- Легионерлерден бөлек, командадағы ойыншылардың біршамасын танитын боларсың? Берік Айтбаевпен жақсы таныс екендігіңді көріп-біліп жүрміз, айнымас досың ба? Басқа жігіттермен қарым-қатынасың қалай?

- Иә, көптеген ойыншыларды бұрыннан танитынмын. Футбол біріктіреді. Командаға жақсы қарсы алды. Бәрі достасып кетті. Берік Айтбаевқа келер болсақ, біз Берік екеуміз Тараздықпыз. Алаңда да, одан тыс жерде де бір-бірімізді қолдап жүруге тырысамыз. Командаластарыммен де қарым-қатынасым өте жақсы. Біздің жауымыз жоқ (күледі)

- Енді Латын Америкалық ойыншылар жөнінде айтсаң. Легионерлердің деңгейі қалай? Жаңа легионерлер «Ақтөбе» құрамын күшейте ала ма?

- Барлық легионерлердің деңгейі өте жоғары деп айтуға келеді. Бұны әрбір жаттығуларда көріп келеміз. Барлығының техникалық әлеуеті жоғары, әрқайсысының өз артықшылықтары бар және де олардың өтіп кеткен жолдары да көңілге үміт ұялатады. Олар командаға көмектеседі деп сенемін. Бірігіп, қойылған тапсырмаға қол жеткізетін боламыз.

- Жаңа маусымда алдыңа қандай мақсат қоясың. Егер де, бапкерлік штаб сеніп жатса, көшбасшы ретінде командаңды алға сүйреуге дайынсың ба?

- Маусымнан көп нәрсе күтем. Шынымды айтсам, футболды сағынып қалдым. Бұл маусым мен үшін жемісті болар деп сенемін. Әрбір ойыншы өскісі келеді. Көшбасшы болу дейсіз бе? Неге болмасқа? Бәрі бір Жаратушының қолында ғой. Мен командам жеңу үшін қолымнан келгенін істеп бағатын боламын. Мен дайынмын.

- Ақтөбеде комбинациялы ойынды жақсы көреді. Сол үшін де баспен ойлай алатын ақылды, ойынды ұйымдастыра алатын ойыншыларды жақсы көреді. Мысалға, кезінде жанкүйерлер Хайруллин, Кападзе, Гейнрих, бразилиялық Пизеллилерді жақсы көрді. Сенің ойын мәнерің осы аталған ойыншыларға ұқсайды. Ойынды ұйымдастырып, жеке бас шеберлігіңді көрсетіп жүресің. Өзіңнің футболға деген ұстанымың қалай? Қалай ойнағанды, қай жерде ойнағанды жақсы көресің?

- Мені осы аты аталған ойыншылармен салыстырғаныңыз мен үшін мәртебе. Шынымен де маған осылай ойнаған ұнайды. Комбинациялық футболды жақсы көремін, доппен көбірек жұмыс жасағанды жақсы көремін. Өзара жиі пас алмасып, әдемі ойын өрнегін көрсету, былайша айтқанада «тики-така» көңіліме қонады. Сонымен қатар сол қапталда да ойнай аламын.

- «Ақтөбе» жанкүйерлерін еліміздегі ең үздік жанкүйерлер деп жатады. Қаламыздың мақтананышына айналған «13 секторымыз» бар. Сен Қобыланды батырда «Ақтөбеге» қарсы ойнаған болатынсың. Маусым алдындағы өзіңнің сезімің қандай? Сен енді «Ақтөбе» ойыншысысың. Жанкүйерлер сенің атыңды атайтын болады, сені қолдайтын болады. Жанкүйерлерге не тілейсің?

- Әрине, мен «Ақтөбе» жанкүйерлері жайлы көп естігем. «13 секторды» да танимын. Қазірдің өзінде мені көптеген жанкүйрлер жылы шырай таныта қарсы алды. Интернетте жақсы тілектер жазысып, сәттілік тілеп жатқан жандардың сөздері мен қуантады. Ақтөбе стадионының атмосферасы тамаша. Басқа команда сапында келгенде де Ақтөбеде ойнаған ұнайтын. Сіз айтқандай, Ақтөбе жанкүйерлерін Қазақстанда бәрі таниды, Ақтөбедегідей командасы үшін жаны күйетін жанкүйер кем де кем. Әрине, мен лық толған стадионды, жанкүйерлердің команданы алға жетелегінін көргім келеді. Біз өз кезегімізде барымызды салып ойнатын боламыз. Бір нәрсені анық айта аламын – алаңда ешкім де бей-жай жүрмейтін болады. «Ақтөбе» намысы үшін аянып қалмаймыз!

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама