"Ақтөбе" командасы жаңа бас бапкерін таныстырды

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.

"Ақтөбе" ресми түрде Владимир Муханов команданың бас бапкері ретінде тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

63 жастағы Муханов бұл қызметте Вахид Масудовтың орнын басты. Масудов "Ақтөбе" командасының бас бапкері ретінде екі ай ғана қызмет атқарды. Оның қоластында "Ақтөбе" Қазақстан чемпионатында үш кездесуде жеңіске жетіп, бір ойында тең түсіп, бір рет жеңілді. Ал Қазақстан кубогінде үш ойында қатарынан ұтылды. 

Муханов болса "Ақтөбе" командасының бас бапкер қызметіне осымен үшінші рет келді. Ол бұған дейін 2006-2012 жылдар аралығында команданы жаттықтырып, үш рет чемпион атанып, екі рет қола және күміс жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар, екі рет Қазақстан Суперкубогінде топ жарды. 

Содан соң маман 2017 жылы қайта келді. Ол кездесу Мухановтың бастамасымен "Ақтөбе" клубы 55 кездесу өткізіп, 19 ойында ұтса, 15 мәрте тең ойнап, 21 рет жеңілген еді.

Метки:
Жаңалықтар