"Ақтөбе" Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісімшарт жасайтын болды

Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов "Ақтөбе" сапына ауысады. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады. 

Жексенбіде Ерланов "Ордабасы" сапында соңғы ойынын өткізіп, Қазақстан кубогінде "Шахтерді" жеңді. Сейсенбіде енді ол келісімшарт жасау үшін Ақтөбеге ұшып кетеді. Қорғаушыға "Шахтер" командасы да ұсыныс жасаған. Бірақ Ерланов бас тартты. 

"Ақтөбе" Ерлановтың карьерасындағы соңғы екі жылдағы үшінші клубы болады. Бұған дейін қорғаушы "Тобыл" және "Ордабасы" сапында ойнаған. 

Еске салайық, "Ақтөбе" осы трансфер кезінде Юрий Логвиненко мен Дмитрий Шомконы қатарына қосқан болатын. 

 

Метки:
Жаңалықтар