"Ақтөбе" "Қайраттың" бұрынғы ойыншысын қатарына қосуы ықтимал

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.

30 жастағы жартылай қорғаушы Рақымжан Розыбакиев "Ақтөбе" командасына қаралымнан өтуге келді, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет. 

Розыбакиевтің соңғы командасы "Капий" командасы болған еді. Ол қыста "Тараз" комадасына қаралымға келіп, жамбылдық командаға өте алмай қалды. 

Жартылай қорғаушы "Ақтөбе" сапында 2017 жылы өнер көрсеткен. Негізі ол карьерасын 2009 жылы "Қайратта" бастады. Сонымен қатар, "Оқжетпес", "Ертіс", "Ақжайық" және "Қайсардың" намысын қорғаған. 

Розыбакиев Қазақстан жастар құрамасы сапында екі ойын өткізген. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Ақтөбе" 19 турдан кейін 23 ұпай жинап, оныншы орында келеді. 

Метки:
Жаңалықтар