"Ақтөбе" ең егде футболшысымен қош айтысты

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.

Ресей тумасы Виталий Волков "Ақтөбе" сапынан кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

"Ақтөбе" командасында ол 2020 жылғы маусымда Қазақстанның бірінші лигасының жеңімпазы атанды. Клуб сапында әмбебап футболшы 68 кездесу өткізіп, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берген. 

40 жастағы Волков командадағы ең егде ойыншы болды. Сондай-ақ ҚПЛ-де "Оқжетпес" және "Тобыл" командаларында ойнаған.

 

 

 

Метки:
Жаңалықтар