Украиналық жартылай қорғаушы Артур Мурза Павлодардың "Ақсу" командасы қатарын толықтырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жастағы ойыншы өткен маусымда "Қызыл-Жар" құрамында болды. Онда аренда бойынша келісіммен ойнаған. 8 ойынға қатысып, ол нәтижелі көрсеткішімен көзге түспеген.
Артур Мурза "Мариуполь" клубының түлегі. "Волынь", "Авангард", "Горняк-Спорт", "Оболонь", "Металлист" және Латвияның "Валмиера" командалары сапында ойнаған.