auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ақжайық" сегізінші жаңа футболшысымен келісімшарт жасады

"Ақжайық" сегізінші жаңа футболшысымен келісімшарт жасады
©: widzewtomy.net
23 жастағы черногориялық қорғаушы Игор Вуячич карьерасын "Ақжайықта" жалғастыратын болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Вуячич Подгорица қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бері "Зета" командасының жастар құрамында өнер көрсеткен. Сонымен қатар Черногория (U-19, U-21) жастар құрамасына шақыртылған. 

2011/12 маусымда "Зета" командасының негізгі құрамға шақырту алған. Сол маусымда Голубовци қаласының командасы ел біріншілігінің қола жүлдері атанып, 2012/13 маусымда еурододаларда ойнау құқығына ие болды. Ал сол еурокубоктың ойындардың барлығына Игор толық қатысты. 

2013 жылы ол "Войводина" (Сербия) клубына ауысты. Содан соң польшалық "Видзева", черногориялық "Могрена" командаларында ойнады. 2014 жылы ол "Зета" сапына қайта келіп, "Ақжайыққа" ауысарға дейін сонда өнер көрсетті. 

Қорғаушының қазіргі футбол нарығындағы құны - 175 мың еуро. 

Айта кетейік, Вуячич маусым алдында "Ақжайықтың" сегізінші жаңа ойыншысы атанды. Бұған дейін команда қатарын Андрей Ткачук, Адеринсола Эсеола, Еркебұлан Нұрғалиев, Жунинью, Сергей Басов, Евгений Боровик, Берік Шайхов секілді футболшылар толықтырған еді. 

Еске салайық, желтоқсан айында команданың тізгігін украиналық маман Владимир Мазяр ұстады. Ол "Атырауға" кеткен Вахид Масудовтың орнын басты. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама