"Ақжайық" сегізінші жаңа футболшысымен келісімшарт жасады
©: widzewtomy.net
23 жастағы черногориялық қорғаушы Игор Вуячич карьерасын "Ақжайықта" жалғастыратын болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Вуячич Подгорица қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бері "Зета" командасының жастар құрамында өнер көрсеткен. Сонымен қатар Черногория (U-19, U-21) жастар құрамасына шақыртылған.
2011/12 маусымда "Зета" командасының негізгі құрамға шақырту алған. Сол маусымда Голубовци қаласының командасы ел біріншілігінің қола жүлдері атанып, 2012/13 маусымда еурододаларда ойнау құқығына ие болды. Ал сол еурокубоктың ойындардың барлығына Игор толық қатысты.
2013 жылы ол "Войводина" (Сербия) клубына ауысты. Содан соң польшалық "Видзева", черногориялық "Могрена" командаларында ойнады. 2014 жылы ол "Зета" сапына қайта келіп, "Ақжайыққа" ауысарға дейін сонда өнер көрсетті.
Қорғаушының қазіргі футбол нарығындағы құны - 175 мың еуро.
Айта кетейік, Вуячич маусым алдында "Ақжайықтың" сегізінші жаңа ойыншысы атанды. Бұған дейін команда қатарын Андрей Ткачук, Адеринсола Эсеола, Еркебұлан Нұрғалиев, Жунинью, Сергей Басов, Евгений Боровик, Берік Шайхов секілді футболшылар толықтырған еді.
Еске салайық, желтоқсан айында команданың тізгігін украиналық маман Владимир Мазяр ұстады. Ол "Атырауға" кеткен Вахид Масудовтың орнын басты.

Жарнама