"Ақжайық" Премьер-лигаға қайта оралды

Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін командалардың саны 12-ден 14-ке ұлғайғандықтан, "Ақжайық" ҚПЛ-ге жолдама алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ақжайық" 2018 жылы Премьер-лигада соңғы орын алып, Бірінші лигаға түсіп қалған еді. Соңғы екі жыл бойы команда Бірінші лигада бақ сынады.

Өткен маусымда "Ақжайық" Бірінші лигада өз конференциясында екінші орынға ие болды. 2019 жылдың мамырынан бастап 2020 жылдың 13 қазанына дейін команданы 48 жастағы Артур Авакянц жаттықтырды, содан кейін Алексей Тугушев бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Метки:
Жаңалықтар