КПЛ
22 маусым 2021 22:42

"Ақжайық" пен "Шахтер" Оралда тең ойнады

Сурет "Ақжайық" сайтынан алынды.

"Ақжайық" Қазақстан премьер-лигасының он жетінші туры қарсаңында қарағандылық "Шахтерді" қабылдады. Оралдағы "Ақжайық" стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы гол 54-ші минутта соғылды. Сол қапталдан асырылған пасты Николай Ковталюк баспен қақпаға дәл бағыттап, командасын алға шығарды.

Ал 63-минутта Ескендір Қыбырай көзге түсіп, таразы басын тең қылды.

Оралдық клуб 25 ұпаймен төртінші орнын сақтап қалды. Ал Магомед Адиев шәкірттері 16 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді.