"Ақжайық" командасы тағы бір футболшыны қатарына қосты
Ресейлік футболшы Михаил Гащенков "Ақжайық" футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды оралдық клубтың баспасөз қызметі.
Ресейлік футболшы Михаил Гащенков "Ақжайық" футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды оралдық клубтың баспасөз қызметі.
29 жастағы жартылай қорғаушы мәскеулік "Локомотивтің" түлегі. Ол, сонымен қатар, "Химки", "Локомотив-2", "Химик", "Амкар", "Ахмат" және "Нижний Новгород" командаларында ойнаған.
Айта кетейік, бұл "Ақжайық" трансферлік терезе ашылғалы бері қатарға қосқан үшінші ойыншысы. Бұған дейін оралдық командаға ресейлік қақпашы Степан Секич пен грузиялық жартылай қорғаушы Лука Имнадзе келіп қосылған болатын.
"Ақжайық" Қазақстан Премьер-Лигасының 18-тур қорытындысы бойынша турнирлік кестесінде төртінші орында келеді.
Жарнама