Жолдастық кездесулерде “Урал” сапында өзін жақсы көрсеткенмен, қос тарап ресми келісімге келе алмады. Жағдаймен таныс дереккөздердің мәлімдеуінше, Абат БАӘ-не келісімшартқа отыру үшін барған. Бірақ клубқа келгенде алдын ала қаралымнан өтуін сұрапты.
Айымбетов “Урал” жейдесінде екі жолдастық кездесуге қатысты. “Ливамен” өткен ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берсе, “Зенитке” қарсы алаңда 40 минут өнер көрсетті.
Естеріңізге сала кетсек, “Урал” тағы бір қазақстандық футболшы Максим Фединнен де бас тартқан еді.