КПЛ
6 қазан 2020 10:10
 
"Астана" Пол Эшуортты бапкерлік қызметтен босатты

  Пікірлер

blog.share

"Астана" Пол Эшуортты бапкерлік қызметтен босатты Пол Эшуорт. Сурет "Астана" сайтынан алынды.

"Астананың" жаттықтырушысы Пол Эшуорт өзінің бұрынғы жұмысы, яғни клубтың атқарушы директоры қызметіне қайта оралды. Енді ол елордалық команданың бас бапкері қызметін атқармайды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.

"Пол Эшуорт "Астананың" бас бапкері қызметін атқармайды, ол өзінің бұрынғы жұмысы - клубтың атқарушы директоры қызметіне қайта оралды. Бірақ, мен оның бұл қызметте де ұзақ отырмайтындығына сенемін. Клуб жаңа жаттықтырушы іздеп жатыр", - деді Қожахмет хабарламада.

Айта кетейік, "Астана" 4-қазан күні Премьер-лиганың 6-турының кейінге қалдырылған матчында "Қайраттан" 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Алматылықтар бұл жеңістің арқасында елордалық командадан сегіз ұпайға озып кетті.

Еске салайық, "Астананы" маусымның басында чех маманы Михал Билек жаттықтырды, ол команда Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін өз орнын босатқан еді. Содан соң клубтың атқарушы директоры Пол Эшуорт бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

Жарнама

Живи спортом!