Qazaq kuresi ассоциациясының вице-президенті Қазақстан құрамасының балуандарымен кездесті

Сурет: Ассоциации Qazaq kuresi
Бүгін, 5 қазан күні Qazaq kuresi ассоциациясының вице-президенті Самат Әбіш Қазақстан құрамасының балуандарымен кездесті. Кездесу Jekpe-Jek оқу-жаттығу базасында өтті. Жиын барысында ол Qazaq kuresi ассоциациясының алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті,- деп хабарлайды Qazaq kuresi ассоциациясының баспасөз қызметі. 

Әбіш ғылыми-парктикалық базаны күшейту үшін, әдістемелік бағдарламаларды жүзеге асыру, мамандарды қайта даярлау және квалификациясын жоғарылату үшін Ассоциация Президенті Кәрім Мәсімовтің қолдауымен Qazaq kuresi академиясы құрылғанын атап өтті. Сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ААҚ бірге Qazaq kuresi-ін дамтыту үшін 2020-2021 жылға жоспар құрылғанын мәлімдеді. 

Сонымен қатар, Әбіш Кәрім Мәсімовтың ұсынысы бойынша ұлттық спортымызды дамыту үшін "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Qazaq kuresi деген арнайы жобаның іске асырылып жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда Qazaq kuresi ассоциациясы басқарманың бірегей орталығына айналды. 

Бұл іс-шараның арнайы қонағы ретінде ҚР Спорт және мәдениет вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Аралас жекпе-жек ассоциациясының президенті Арнұр Садықұлов шақырылды. 











Метки:
Жаңалықтар