auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Биылғы "Қазақстан барысы" турнирінде қандай өзгеріс бар?

Биылғы "Қазақстан барысы" турнирінде қандай өзгеріс бар?
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан  барысы" VII республикалық турнирінің баспасөз мәслихаты өтті.

Жиынға қатысқан Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин турнирдің жаңалықтарымен бөлісіп, атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді.

Осы жылдың басты өзгерісі ретінде жарыстың өткізілетін орнын айта кеткен жөн. «Қазақстан барысы» турнирінің финалдық кезеңі биылдан бастап «Сарыарқа» велотрегінде емес, 2015 жылы салынған «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді. Арман Шораевтың айтуынша, жанкүйерлер «Барыс Аренадан» боз кілемдегі бәсекені жақыннан тамашалай алады екен.

«Сарыарқа» велотрегіне ешқандай өкпеміз жоқ. Қай кезді алып қарасақ та турнир жоғары деңгейде өтті. Ал, «Барыс Аренаға» биылдан бастап ауысуымыздың басты себебі – бұл спорт сарайы күрес спорты үшін өте тиімді. Нақтырақ айтқанда, жанкүйерлер үшін өте ыңғайлы», дейді Арман Төлегенұлы.

2017 жылдың тағы бір өзгерісі – финалдық бәсекеде қызмет ететін төрешілер. Олар жаңа ережеге сай, алдын ала 200 000 теңге жарна төлеу керек. 

«Биылғы турнирге еліміздің әр аймағынан 12 төрешіні шақырдық. Одардың тек алтауы ғана «Қазақстан Барысының» финалында төрелік ететін болады. Егер төрешілеріміз әділдік танытып, міндетін дұрыс орындай алса, турнир соңында өздері төлеген жарна үстінен тағы да қосымша 350 000 теңге сыйақы алатын болады. Керісінше жағдайда, төленген жарна қайтарылмайды және қосымша шара да қолданатын боламыз», деп мәлімдеді федерацияның бас хатшы Сәрсен Құранбек.

Сонымен қатар, болашақта «Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу кезеңі рейтинг арқылы өткізілуі мүмкін. «Себебі, еліміздің кей облыстарында қазақ күресі дамып келе жатса, кей өңірлердің деңгейі төмендеп кеткен. Ал дамымаған аймақтардан жыл сайын «Қазақстан Барысына» қатысқанымен, ешқандай нәтиже көрсетіп жатқан жоқ. Сол үшін жақсы нәтиже көрсетіп жатқан облыстың балуандар санын көбейту үшін өңірлердің рейтингіне қарайтын боламыз», деп атап өтті А.Шораев.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Қазақстан барысы» турнирінің телетрансляциясы Геннадий Головкиннің көрілімінен көп болмаса, одан кем емес дейді. «Қазақстан барысы» турнирін Қазақстан аумағындағы трансляция рейтингін Геннадий Головкиннің жекпе-жегімен салыстыруға болады. Тіпті, қаралым саны бойынша асып түсуі де мүмкін», деді.

«Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев биыл жарысқа қатыспайды. Ол күз мезгілінде өтетін «Әлем барысына» дайындалуда. Сондықтан, ұйымдастырушылар биылғы турнирде жаңа есімнің шығатынына сенімді.

Алдағы турнирдің жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу және алтыннан құйылған «Тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға күміс және қола белбеу беріледі. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске 100 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Ал, үшінші орын иеленген балуанға бір миллион 800 мың, бапкеріне 900 мың теңге. Екінші орынға бес миллион 500 мың, бапкеріне бір миллион 800 мың. Бірінші орын иеленген балуанға 25 миллион, бапкеріне үш миллион 500 мың теңге табысталады.

Еске сала кетейік, биыл жетінші мәрте өткелі отырған «Қазақстан барысы» республикалық турнирі 2 шілде күні «Барыс Арена» спорт сарайында Астана уақытымен сағат  12:00-де басталады. Оны «Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналарынан бөлек, ресейлік «Матч! Планета», «Боец», «Бокс ТВ» және Түркияның «ТРТ Аваз» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
16 маусым 2019, 12:10
Қазақша күрес
Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды
25 желтоқсан 2017, 12:43
Қазақша күрес
Боз кілемдегі алапат айқас Боз кілемдегі алапат айқас
14 желтоқсан 2017, 16:07
Қазақша күрес
"Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды? "Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды?
12 желтоқсан 2017, 14:25
Қазақша күрес
Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді

Жарнама

Жарнама