Қазақша күрес
7 қыркүйек 2017 13:42
 
"Әлем барысы" турниріне қатысатын балуандардың салмағы белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

"Әлем барысы" турниріне қатысатын балуандардың салмағы белгілі болды

«ЭКСПО» көрмесі аясында қазақ күресінен өтетін «Әлем барысы» додасына қатысатын балуандар салмаққа түсті. 

Екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл додаға әлемнің 40-қа жуық елінен келген 37 балуан бақтарын сынайды. Астанадағы Mega Silk Way ойын-сауық орталығында салмаққа түскен балуандардың ең ауыры кім екені белгілі болды. Қазақстан атынан сынға түсетін: Айбек Нұғымаров (141 келі), Еламан Ерғалиев (123 келі) құраса, одан бөлек  Даурен Нұралинов (133 келі),  Айбат Сейтен (115 келі) және Ержан Шынкеев сынды балуандарымыз 130  келіні көрсетті. Додаға салмағы ең ауыр балуан  Жаңа Зеландиялық – Чико Реремоана Пембертон 175 келіні көрсетсе, ресейлік Рустем Арсланов (159 келі) пен аргентиналық Лучиано Дель Рио  (146 келі) көрсетіп, турнирдегі ең ірі балуандардың қатарына кірді.  

Еске сала кетейік, «Әлем барысы» 8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport, түріктің TRT Avaz, Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ» арналары көрсететін болады. Биылғы «Әлем барысының» жүлде қоры – 30 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуан тең жартысын иеленеді. Екінші орын алған балуан — 5 миллион, үшінші орын алған балуан 3 миллион сыйақы алады. Сондай-ақ жүлдегерлер алтын, күміс және қола белбеулермен марапатталады.

Жарнама

Живи спортом!