37 балуан бақ сынайды. "Қазақстан Барысы-2021" турниріне тікелей трансляция

Сурет: neonomad.kz

Бүгін, 4 шілде Нұр-Сұлтанда қазақша күрестен "Қазақстан Барысы-2021" турнирі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Qazsport арнасындағы және телеарнаның ресми сайтындағы трансляция 13:00-де басталады. Шешуші белдесулерді Qazaqstan арнасы 17:00-ден бастап көрсетеді.

Биылғы жарыс Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орайластырылған. Жарысқа 37 балуан қатысады.

Бас жүлде - 25 миллион теңге және алтын тұяқ. Күміс жүлдеге бес жарым миллион теңге, ал үшінші орын үшін сегіз жүз мың теңге белгіленген.

Биыл жарыс ережелеріне өзгеріс енгізілді: ұйымдастырушылар белдесу уақытын бес минуттан төрт минутқа қысқартты, ал қосымша уақыт - екі минуттан бір минутқа қысқарды. 

Жаңалықтар