auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

2017 жылғы "Қазақстан барысында" қызылордалық балуан жеңімпаз атанды

Астанадағы "Барыс Аренада" өткен додада Еламан Ерғалиев үздік шықты.

2017 жылғы "Қазақстан барысында" қызылордалық балуан жеңімпаз атанды
Жігер Әбенов
Қазақ күресінен жетінші рет ұйымдастырылған "Қазақстан барысының" жеңімпазы анықталды. Астанадағы "Барыс Аренада" өткен додада  Еламан Ерғалиев үздік шықты.

Астанада өткен Қазақстан барысына Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов сынды жеңімпаз атанған балуандар қатысты. Ал бұл додада үш рет жеңімпаз атанған Бейбіт Ыстыбаев биылғы жарысқа қатысқан жоқ. Ол күзде өтетін "Әлем барысында" бақ сынауды жоспарлап отыр.

2014 жылы Қазақстан барысы атанған Мұхит Тұрсынов бірінші белдесуінде "Әскер барысы" атанып келген Еламан Ерғалиевтен жеңілді. Байқоңыр қаласының тумасы ширек финалда қарағандылық Асыл Барменовті жарыстан шығарды. Асыл жарақатына байланысты белдесуді соңына дейін жалғастыра алмады.

Еламан Ерғалиев жартылай финалда атыраулық Арман Қалиевті айқын жеңіп, финалға шықты. Жартылай финалдағы екінші белдесуде тұңғыш "Қазақстан барысы" мен 2013 жылғы жеңімпаз Айбек Нұғымаров кездесті. Тартысқа толы өткен белдесуде Алматы облысының атынан шыққан Ұлан Рысқұлдың асығы алшысынан түсті.

Қола белбеу үшін күресте Шығыс Қазақстанның намысын қорғаған Айбек Нұғымаров атыраулық Арман Қалиевті жеңді.

Финалда бірінші болып әдіс жасамақ болған Ұлан Рысқұл Еламанды шалып жыға алмады. Есесіне қарсыласы әдіс пайдаланып, жартылай жеңіске ие болды. Артынша таза жеңіске жетті.

Жарыс жеңімпазы атанған балуан Еламан Ерғалиевке алтын белбеу және алтыннан құйылған "Тайтұяқ" табысталды. Сондай-ақ 25 миллион теңге сыйақы алды. Жаттықтырушысы да сыйақыдан құр алақан қалмайды. 3,5 миллион теңге көлемінде сыйақы иеленетін болады.

Күміс белбеуді иеленген Ұлан Рысқұл 5,5 миллион теңгеге ие болды. Жаттықтырушысына 1,8 миллион теңге берілді. Қола белбеу үшін өткен белдесуде жеңіске жеткен Айбек Нұғымаров 1,8 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Жаттықтырушысы 900 000 теңге алатын болады.

Айта кетейік, балуандар әр белдесуде жеңіске жеткен сайын 100 000 теңгеден ие болып отырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
25 желтоқсан 2017
12:43
14 желтоқсан 2017
16:07
12 желтоқсан 2017
14:25
8 қыркүйек 2017
17:53
6 қыркүйек 2017
14:04