Зайнутдиновтың командаласы ЦСКА сапында қалатын болды
Наир Тикнизян ЦСКА сапында қалатын болды деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жайлы клубтың ресми сайтында жазылған.
Наир Тикнизян ЦСКА сапында қалатын болды деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жайлы клубтың ресми сайтында жазылған.
"Локомотив клубына ауысу туралы ақпараттар болғаны рас. Тіпті келіс-сөздер де жүргізілді. Алайда ойлана келе, әлі де болса армияшылар сапында қалып, толағай табыстарға жеткім келеді. Академияны қоса алғанда мен мәскеулік команда сапында 8-9 жылдан бері доп теуіп келемін. ЦСКА – менің екінші үйіме айналғанына біраз болды. Сондықтан алдағы уақытта осы ұжыммен бірге болғым келеді", - дейді ол.
Өткен маусымда 22 жастағы қорғаушы ЦСКА сапында 33 ойында 1 гол соққан. Transfermarkt интернет порталы ресейлік футболшыны 1,5 миллион еуроға бағалап отыр.
Еске салсақ, ЦСКА сапында Қазақстан құрамасының ең бағалы футболшысы Бақтияр Зайнутдинов өнер көрсетеді. Сондай-ақ, жуырда "Тобылдан" кеткен Григорий Бабаян бапкерлік штабта жұмыс істейді.
Жарнама