Зарина Дияс Гонконгтегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтегі ITF турнирінің финалына шықты. Жүлде қоры - 25 мың доллар, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жартылай финалда ол америкалық теннисші Сачия Викеримен кездесіп, оны екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 26 жастағы Дияс әлемнің 77-ші ракеткасы, ал 24 жастағы Викери WTA рейтингінде 157-ші орынға ие.

Зарина Диастің ақтық сындағы қарсыласы турнирдің бірінші ракеткасы қытайлық Чжу Линь (72-ші әлем ракеткасы) мен француз спортшысы Хармони Тан (251-ші) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды