auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Залда бапкер қажет пе, әлде өз бетінше жаттықан артық па?

Залда бапкер қажет пе, әлде өз бетінше жаттықан артық па?
©artfile.me

Спортзалға келіп өз білгенімен жаттыққан адамның көрсеткіші кәсіпқой маман нұсқауымен дайындалғандай нәтижеге жетпейді дегенді естиміз. Шынымен солай ма? Бапкермен жаттығу қаншалықты қажет екенін анықтап көрейік. 

Нұсқаушы керек пе?

Статистикаға сүйенсек, өз алдына жаттыққан адамдарға қарағанда кәсіпқой бапкерлердің көмегіне жүгінгендер жаттығуға уақытында келіп, нәтижеге тезірек жетеді екен. Психологиялық тұрғыда өздігінен түсінікті дүние: маманды жалдаған соң, адам өз мойнына залға үнемі баруға міндет алады, өйткені оны күтіп отыр ғой. 

Кәсіпқой маманмен жаттығудың артықшылқтары мен кемшіліктерін саралайық.

Артықшылығы

Бұл артықшылықты жаттығуды дұрыс жасауды енді үйреніп жүргендер жақсы сезінеді. Жеке бапкермен жаттығудың неге пайдалы екенін тізіп көрейік:

  • жарақат алып қалу ықтималы төмен. Кейбір жаттығуларды дұрыс орындамау денсаулыққа зиян. Жаттықтырушы залда сізді бақылап отырады, орындау техникаңызды және өзіңізді қалай сезінетініңзді; 
  • іс-амалға түрткі. Мотивациясы төмен адамдар өзін аяйды да, бар күшін салмайды, оның үстіне жаттығу күндерін сиретіп те жібереді. Ал бапкердің ынталандыратын сөздері мен қатаң тәртібі бойыңыздағы күш-қуатты оятып, күрделі жаттығу кезінде демеу болады;
  • мәлімет көзі. Кәсіпқой маман жаттығуды орындау техникасы туралы білімі мол. Сондықтан жеке бапкермен жаттығудың нәтижелі екенін білетін адамдар жаттығу бағдарламасы мен тамақтану тәртібін тәжірибелі маманға құрғызғанды жөн санайды;
  • стрессті азайту. Білікті жаттықтырушының қасында адам өзін жайлы сезінеді; ол психолог та, коуч та болады. Қазіргі таңда нұсқаушылар - көп оқыған және өмірдің әр саласында білім жинағандар. Жаттығу арасындағы әңгіме барысында клиент пайдалы дүниелер де естіп қалады. 

Кемішілктер

Жеке бапкермен жаттығудың мынадай тұстары да бар:

  • күн тәтібі. Жаттықтырушының жұмыс кестесіне ыңғайлану керек болады, жаттығуды оның бос уақытына сәйкестендіру үшін; 
  • көзқарас қайшылығы. Спорттан хабары бар адамдарға осы тұрғыда қиындау болады, өйткені оның қалай жаттығу бойынша өз тәжірибесі бар. Осы қалыптасқан түсініктен ауытқу бапкерге сенімзідіктің себебі болуы мүмкін;
  • күдік. Залға келушілер фитнес-клуб ұсынған жаттықтырушылар арасында біліктісін қалай табу керегін білмей жатады.

Ақысы.

Бапкермен жаттығу құны оның білім деңгейі, қай бағытта мамандандырылғаны және тәжірибесіне қарай жоғары болады. 

Мінсіз жаттықтырушының белгілері

Жақсы бапкерге чек-лист жасайық, осы арқылы сіз нағыз маманды тани аласыз:

  • прогресс болады. Жақсы жаттығулардың алғашқы нәтижесі 3-6 айдан кейін көріне бастайды. Ілгерлеуіңізді салмағыңызға қарап емес, айнадағы дене пішініңізге қарай бағалаңыз;
  • жаттығу күнделігінің болуы. Мықты маман сіздің нәтижеге жетуіңізге мүдделі, сондықтан клиенттің жетістігін белгілеп жүреді;
  • бәрін бір ұстаныммен жаттықтырмайды. Фитнес-клубқа келушілердің бәрінің дене параметрлері және денсаулық деңгейі бірдей емес, сондықтан бәріне бірдей ортақ жаттығу бағдарламасы жоқ. Сондықтан нағыз кәсіби маман сізге осы уақытта ең қолайлы жаттығу кешенін құрады. 

Нашар бапкерді танып үйренейік

өзіне лайқыты бапкерді бәрі бірден таба бермейді, әсіресе бұрын маманмен жаттығып көрмегендер. Сондықтан қателік жібермес үшін келесі белгілермен танысып алыңыз:

әдептіліктің жетпеуі. Бапкер клиентке дөрекілік танытып, мазақ етпеуі керек. Ол сізді осылайша ынталандырамын деп ойлайды, бірақ шындығында адам залға келбетті мүсін және денсаулық үшін келеді, психологиялық езгі мен кемшіліктерін біреу шұқып көрсетуі үшін емес;
жан-жаққа шашыраңқылық. Бар назар сізге ғана салынатын жекелей жаттығу туралы келісім болғанымен, жаттықтырушы бірнеше адаммен қатар жұмыс істеуі мүмкін. Бұл оның біліктілігін күмәнді етеді;
өзін дәрігер сезіну. Жаттықтырушы спорттық дайындық барысында клиенттің созылмалы ауруларын есепке алмайды. Грыжасы немесе қан қысымы бар адамға нұсқау беруге біліктілігі жетеді деп ойлайуы.

Жаттықтырушыны ауыстыру: қоштасқан қиын

Нашар жаттықтырушыны ажырата алатын болдыңыз, енді келесі пункт - бапкерді ауыстыру туралы сөз етейік.

Залға келуші адам жаттықтырушыны ауыстырғысы келетін жағдай жиі болады. Өзге бапкерге барғанның не қындығы бар? Көбінде клиенттер көңілі толмаса да, бұрынғы жаттықтырушымен қала береді. 

Ыңғайсыз тақырыпты сөз етуден қорықпаңыз. Сіз бұл әңгіменің соңында бұлшық ет жинаған немесе арықтағаныңызды айтып, оған алғыс білдіріңіз.

Бапкермен қош айтысқанда бастысы - әдептілік пен ізгі ниет: залдағы өзге келушілерге жаттықтырушыдан неге кетіп жатқаныңызды айтпаған абзал. Бапкер мұны естіп қалып, ренжуі мүмкін. Жаттықтырушымен қош айтысып, жүгіңізді жеңілдетіңіз де, басқа маманмен дайындалыңыз. 

Топта жаттығу ұсынысына жауабыңыз қандай?

Бір топ адаммен бірге жаттығудың еш зияны жоқ, егер, бұл формат адамның көңілінен шықса. Ал егер жаттықтырушының назары сізде ғана болсын десеңіз, онда мұндайдан бас тартыңыз. Сіз - ересек адамсыз, жаттықтырушыға қалтаңыздан ақы төлейсіз, сондықтан қандай форматта дайындалғыңыз келетінін өзіңіз шешуге құқылысыз.  

Әрине жекелей жаттығудың бұлжымас артықшылықтары бар. Ал өз бетінше жаттығуда жолыңыз болмаса, спортқа көзқарасыңыз нашарлауы ықтимал. 

Сізге жаттығу жасау техникасындағы қателік пен тамақтанудағы ағаттықтарды жеке бапкерден өзге ешкім көрсетіп бере алмас. Сізге бапкер қажет пе, жоқ онсыз да дұрыс бағыттасыз ба, соны түсініп алу үшін екі-үш жаттығуға болсын кәсіпқой жаттықтырушымен дайындалып көріңіз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама