Юлия Галышева әлем кубогында күміс медаль алды
2018 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері қазақстандық могулшы Юлия Галышева Финляндияның Рукасында фристайлдан өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
2018 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері қазақстандық могулшы Юлия Галышева Финляндияның Рукасында фристайлдан өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Галышеваның активінде - 81,48 балл. Бірінші орын 82,26 балмен олимпиада чемпионы франциялық Перрин Лаффонға бұйырды, ал қоланы америкалық Тесс Джонсон еншіледі- 75,85. Соңғының алдында, 31-нші болып қазақстандық Аяулым Әмренова келді - 17,52.
Қазақстандық ерлер арасында могулдан үздік көрсеткішті Дмитрий Рейхерд көрсетті - 76,76 балл. Этапта 20-ншы болып Павел Колмаков келді - 75,49, 55 қатысушы ішінде 50-нші болып Александр Геберт жетті - 45,36.
Жарнама