Virtus.pro жүлде қоры 50 мың доллар құрайтын турнирде үшінші орын алды

Virtus.pro
Құрамында екі бірдей қазақстандық спортшы ойнайтын Virtus.pro командасы жүлде қоры 50 мың доллардың құрайтын Counter-Strike: Global Offensive - WePlay! Clutch Island турнирде үшінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz

Жартылай финалда Virtus.pro украиналық NaVi командасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Осылайша бұл команда алты мың доллар сыйақы және 1150 ұпай алды. Бір айта кетерлігі, бұл нәтиже команда үшін биылғы маусымдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып тұр. 

Турнирдің жеңімпазы NaVi атанды. Олар финалдық ойында Team Spirit командасын жеңді. 

Айта кетейік, Virtus.pro командасы сапында ойындарда өзбекстандық Санжар Кулиев (SANJI), қазақстандық Алексей Голубев (qikert) пен Дәурен Қыстаубаев (Adren), ресейлік Али Джами (Jame), латыш Марекс Галинскис (YEKINDAR) ойнайды.

Осы турнирде өнер көрсеткен Winstrike командасы жетінші орынға жайғасты. Сондай 1250 мың доллар мен қосымша ұпайларға ие болды. 

Winstrike сапында Абай Хасенов (HОbbit), Виктор Болдырев (Lak1) және Айдын Тұрлыбаев (KrizzeN) секілді қазақстандық киберспортшылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ бұл команданың намысын Владислав Нечипорчук (bondik) және Алексей Гусев (El1an) секілді ресейлік киберспортшылар бар.




Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды