Турнирдің бірінші айналымында Virtus.pro Hard Legion командасын 2:1 есебімен жеңді. Екінші күні бұл команда Gambit Youngsters командасына қарсы кездесу өткізеді.
Екінші топта қазақстандық киберспортшылар өнер Winstrike командасы да ойнаған еді. Өкінші қарай, олар бірінші күні Nemiga (0:2) командасынан, екінші күні Espada (1:2) командасынан жеңіліп қалды. Енді олар жетінші орынға таласады. Егер жеңіп жатса, 1250 доллар мен қосымша ұпай алады.
Айта кетеік, Winstrike сапында Абай Хасенов (HОbbit), Виктор Болдырев (Lak1) және Айдын Тұрлыбаев (KrizzeN) секілді қазақстандық киберспортшылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ бұл команданың намысын Владислав Нечипорчук (bondik) және Алексей Гусев (El1an) секілді ресейлік киберспортшылар бар.
Ал Virtus.pro сапында қазақстандық Алексей Голубев (qikert) пен Дәурен Қыстаубаев (Adren), ресейлік Али Джами (Jame), өзбекстандық Санжжар Кулиев (SANJI) және латыш Марекс Галинскис (YEKINDAR) ойнайды.