Қазақша жаңалықтар
10 тамыз 2020 17:56

Virtus.pro CS:GO командасы қазақстандық киберспортшыны қатарына қайта қосты

Сурет: Virtus.pro
Қазақстандық киберспортшы Тимур Buster Тулепов Counter Strike: Global Offensive ойынында өнер көрсететін Virtus.pro командасына қайта қосылды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Ол басқа бір қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаевтың орнына келді. Қыстаубаев өткен аптада командадан кеткен еді. 

"Командаға қайта оралғаныма қуынштымын. Ойынды әбден сағындым", - деп жазды Түлепов команданың баспасөз қызметіне берген сұқбатында. 

Негізі Түлепов бұған дейін бұл команданың сапында ойнаған еді. Бірақ 23 мамыр күні карьерасын уақытша тоқтататынын хабарлады. Оның орнына командаға латыш Марек YEKINDAR Галинскис қосылған болатын. 





.