Virtus.pro әлемдік рейтингте бірнеше саты жоғарылады

Сурет: instagram.com/virtuspro
Құрамында екі бірдей қазақстандық спортшы ойнайтын Virtus.pro командасы Counter Strike: Global Offensive ойының HLTV рейтингінде бірнеше саты жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Өткен аптада бұл команда WePlay! Clutch Island турнирінде үшінші орын алған болатын. Осы турнирден кейін команда рейтингте үш саты жоғарылады. Қазір 22 орынға жайғасқан. 

Қазақстандық Winstrike және Syman Gaming командалары болса тиісінше 32 және 38 орынға тұрақтады. 

Айта кетеік, Winstrike сапында Абай Хасенов (HОbbit), Виктор Болдырев (Lak1) және Айдын Тұрлыбаев (KrizzeN) секілді қазақстандық киберспортшылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ бұл команданың намысын Владислав Нечипорчук (bondik) және Алексей Гусев (El1an) секілді ресейлік киберспортшылар бар.

Ал Virtus.pro сапында қазақстандық Алексей Голубев (qikert) пен Дәурен Қыстаубаев (Adren), ресейлік Али Джами (Jame), өзбекстандық Санжжар Кулиев (SANJI) және латыш Марекс Галинскис (YEKINDAR) ойнайды.
Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды