Ұлттық спорт ойындарынан жарыс жеңімпаздары марапатталды

©

Ақтөбе қаласында 25 қазан Республика күніне арналған іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Соның бірі – бүгін Ақтөбедегі ипподром алаңында өткен ұлттық спорт ойындарынан жарыс.

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Ақтөбе қаласы әкімі Асхат Шахаров, өңірдің зиялы қауым өкілдері, спортсүйер қауым қатысты.

Спорт шарасы барысында көкпар, аударыспақ, тазылар жарысында жүлделі орындарға ие болған спортшылар марапатталды. Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

"Құмай тазылар" жарысы мен "Аударыспақ" спорттық сайысының жеңімпаздарына берілген жүлде қоры бірдей, әрқайсысы 500 мың теңгені құрайды. Ал "Көкпар" ойынында жүлде қоры - 3 млн теңге. Бұл жарыста бас бәйге мен бірінші орынды ақтөбелік командалар өзара бөліссе, үшінші орын Байғанин ауданының шабандоздарына бұйырды.

 

Сонымен қатар, шара қонақтары ипподром кіреберісінде ұйымдастырылған жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесін, қолөнершілер көрмесін аралады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды