auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

UFC ойнағанда МакГрегорды таңдаймын - Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген "Түнгі студияға" қонақ болды.

UFC ойнағанда МакГрегорды таңдаймын - Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген қонақ болған "Түнгі студия" бағдарламасына АҚШ-тан, Германиядан және Қытайдан тыңдармандары келді, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан" телеарнасынан эфир 6 шілдеде кешкі уақытта көрсетілді. Әнші бұл бағдарламаға осымен екінші рет келіп отыр. "Түнгі студияға" әнші 2015 жылы келген еді. Айта кетейік, сол кезде әртіс мұндай танымал болмаған еді. Димаш Құдайберген I am Singer конкурсына қатысқаннан кейін әлемдік деңгейдегі әншіге айналды. Бұл жолы әншіні көру үшін ток-шоуға АҚШ-тың Аризона штатынан, Германиядан және Қытайдан келді.

Димаш Құдайбергеннің айтуынша, қытайлық конкурсқа қатысқанына жарты жыл болыпты. "Бұл конкурстың маған қандай сезім, қандай әсер бергенін сөзбен айту қиын. Себебі әрбір тур, әрбір концерт мен үшін өте маызды әрі өмірімдегі бақытты сәт болды. Бұл конкурсқа жақсылап дайындалдым. Уайымдағанымды жасырмаймын. Себебі бүкіл қазақтың атынан өнер көрсету мен үшін жауапты іс болды. Сонымен қатар, шетелде тыңдармандарымды таптым, олардың талабы мен талғамына сай болуға тура келді", - деді әнші.



Димаштың айтуынша, ол бала кезінен конкурстарға қатысқан, бастапқыда оның шашы ұзын болыпты. Әнші жыл сайын стилистердің оның шашын қысқартып келе жатқанын айтты. "Білмеймін, үш-төрт жылдан кейін тіпті де таз болатын шығармын", - деп әзілдеді ол.

Сонымен қатар, әртіс Instagram ароқылы көрермендердің сұрағына жауап берді. Алайда Димаш даусының қанша октава екенін құпия қалдырды. Залда отырған қытайлық қыз жанкүйерлерінен есте қалған қандай сыйлық алғаны жайлы қазақ тілінде сұрады. Әнші ең кішкентай сыйлықтың өзі құнды екенін айтып өтті.



Айтпақшы, Димаш Playstation арқылы FIFA және UFC ойындарын ойнағаны жақсы көретінін айтты. "PES ойнағым келмейді. FIFA ойнағанда, "Челсиді" таңдаймын, ал UFC ойнағанда - МакГрегор", - деді ол.



Әнші шетелдік тыңдармандарымен еркін байланысқа түсу үшін бірнеше тілді меңгеруді армандайтынын айтты. Болашақта тіпті рэп те оқуы мүмкін екенін жасырмады. Ал бағдарлама соңында ол қазақ тілінде ән орындады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар
9 маусым, 19:41
Қазақша жаңалықтар
Алина Әділханова Азия чемпионы атанды Алина Әділханова Азия чемпионы атанды
26 сәуір, 13:44
Қазақша жаңалықтар
Ерлан Қожағапанов спортқа оралды Ерлан Қожағапанов спортқа оралды
11 ақпан, 16:38
Қазақша жаңалықтар
Фристайлшы Юлия Галышева АҚШ-та алтын алды Фристайлшы Юлия Галышева АҚШ-та алтын алды