"Турнирдің басты персонасы болуы мүмкін". БАҚ қазақстандық Агапованың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы

"Чемпионат" Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 172 турнирінің превьюында қазақстандық Мария Агаповаға ерекше назар аударған. Ол осы промоушен аясындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Басылым оның осы турнирде "бағы жанатынын" атап өтті.

"Алдын ала кардтың соңғы жекпе-жегі UFC дебютанты Мария Агапованың өнері болады. Еш қалжыңсыз, бұл қыз алдағы турнирдің басты персонасы болуы әбден мүмкін.

Мұхиттың ар жағындағы посткеңестік елдердің спортшылары - әрдайым жаңалық! Танымал American Top Team (бұл жерде Аманда Нуньес, Йоанна Енджейчик, Дастин Порье және Хорхе Масвидаль секілді жұлдыздар жаттығады) залының атынан шығатын 23 жастағы атлет өте қызықты кісі болып тұр.
Ол - вегетариан және спортшы, "басқа елдегі патриоттық туралы" ой қозғай алатын шешен. Оның үстіне татуировкасы көп қазақстандық қыз шығармашылыққа берілген: оның денесіне суреттер салынып жатқанда, қыздың өзі қағазды шимайлайды. Мария ММА болмаса, суретші болып кететінін мойындайды... Немесе арнайы жасаққа барар еді.

Өмірдің қиын сынақтары мен тік мінезі Агапованы шыңдады. Павлодар тумасы тек жекпе-жекті ойлайды, әзірге жеке өмірі туралы ой қозғамайды.

Агапованың спорттағы жолына келсек, ол - Қазақстан тарихындағы алғашы ММА бойынша әлем чемпионы. Мұхиттың ар жағындағы қиындықтарға қарамастан ол АҚШ-қа келеді және Дан Уайттың үміткерлер сериясына түседі. Алғашқы жекпе-жегінде оның келісімшарт туралы арманының "күл-талқаны шығады". Бірақ қуанышына орай, қызды Invicta-дағылар байқап қалады және сол промоушен арқылы Қазақстан өкілі соңында UFC-ге түседі.

Ол алғашқы кездесуінде 10-5 рекорды бар америкалық Ханна Сайферспен қарсыласады. Мария үшін ыңғайлы оппонент. Енді тек алаңдағы фаворит статусын растау керек", - деп жазады басылым.

Агапова - Сайферс жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14 маусымда таңғы 4-те болады. Турнирге қатысушылардың тізімін мына жерден қарауға болады.
Агапова әуелі Мелиссо Гаттомен (6-0-2) кездесуі керек еді, алайды бразилиялық спортшы АҚШ-қа виза ала алмаған.
Метки:
UFC
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды