Мұхиттың ар жағындағы посткеңестік елдердің спортшылары - әрдайым жаңалық! Танымал American Top Team (бұл жерде Аманда Нуньес, Йоанна Енджейчик, Дастин Порье және Хорхе Масвидаль секілді жұлдыздар жаттығады) залының атынан шығатын 23 жастағы атлет өте қызықты кісі болып тұр.
Ол - вегетариан және спортшы, "басқа елдегі патриоттық туралы" ой қозғай алатын шешен. Оның үстіне татуировкасы көп қазақстандық қыз шығармашылыққа берілген: оның денесіне суреттер салынып жатқанда, қыздың өзі қағазды шимайлайды. Мария ММА болмаса, суретші болып кететінін мойындайды... Немесе арнайы жасаққа барар еді.
Өмірдің қиын сынақтары мен тік мінезі Агапованы шыңдады. Павлодар тумасы тек жекпе-жекті ойлайды, әзірге жеке өмірі туралы ой қозғамайды.
Агапованың спорттағы жолына келсек, ол - Қазақстан тарихындағы алғашы ММА бойынша әлем чемпионы. Мұхиттың ар жағындағы қиындықтарға қарамастан ол АҚШ-қа келеді және Дан Уайттың үміткерлер сериясына түседі. Алғашқы жекпе-жегінде оның келісімшарт туралы арманының "күл-талқаны шығады". Бірақ қуанышына орай, қызды Invicta-дағылар байқап қалады және сол промоушен арқылы Қазақстан өкілі соңында UFC-ге түседі.
Ол алғашқы кездесуінде 10-5 рекорды бар америкалық Ханна Сайферспен қарсыласады. Мария үшін ыңғайлы оппонент. Енді тек алаңдағы фаворит статусын растау керек", - деп жазады басылым.
Агапова - Сайферс жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14 маусымда таңғы 4-те болады. Турнирге қатысушылардың тізімін мына жерден қарауға болады.
Агапова әуелі Мелиссо Гаттомен (6-0-2) кездесуі керек еді, алайды бразилиялық спортшы АҚШ-қа виза ала алмаған.