Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашты - заңгер

©Видеодан кадр

Белгілі балуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен болған төбелесте зардап шеккен заңгер Анна Чернова даулы іс бойынша жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның сөзінше, Нұрасыл әскери бөлімшеден қашып кеткен. 

"Біздің іс бойынша: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бөлімше басшысының қарауында болады деген бұлтартпау шарасы таңдалған әскери бөлімшеден қашып кеткенін білдім. 

Кешеден бері оны таба алмай жатыр. BMW көлігіне мініп кетіп қалыпты. Кім көрсе балаға айта салыңыздар, оған қатысты тергеу жүріп жатқанын ұмытып кетіпті. 

Айтпақшы, қашып кетпес бұрын гаупвахтадан шыққан беті сол екен. Ал онда қашып кете берген соң қамалған шығар деп ойлаймын", - деп жазыпты Чернова Instagram желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды