Спортшыны ақпанның басында ұрған. Ол Бахарден қаласында өткен сайыста бірінші орын алған. Ақпарат көзінің дерегі бойынша, финалдық белдесудің алдында Турсунбаевқа Түркіменстанның ІІД курсантынан жеңіліп қалуды сұраған. Бірақ ол келіспей, алтын жүлде жеңіп алған.
Турнир аяқталған соң белгісіз біреулер спортшының бапкерін соққының астына алып, сол жерде қалдырған. Ал Турсунбаевты белгісіз жаққа алып кеткен.
"Біздің баламызды белгісіз біреулер адам танымастай етіп ұрып кетті. Ол денесінің барлық жері ауырып жатқанын айтты. Бүйрегі езілген. Миы шайқалған", - деді бұл туралы Турсынбаевтың ата-анасы.
Турсынбаев емханада бірнеше күн жатып, қайтыс болған. Спортшыны 5-ақпан күні жерледі. Бұл іске қатысты тергеу жұмыстары әлі басталмаған.