Төреші нокаутқа түскен ММА файтерін "тұншықтырды" - видео
"Крым Rush. Прощай оружие" аралас жекпе-жек турнирінде төреші Армен Ананян жекпе-жек өткізу шеберлігін көрсетуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Крым Rush. Прощай оружие" аралас жекпе-жек турнирінде төреші Армен Ананян жекпе-жек өткізу шеберлігін көрсетуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оқиға он секундқа созылған Ренат Лятифов пен хорват Карло Капут арасындағы кездесу кезінде болды. Хорват спортшысы бір соққымен қарсыласын нокаутқа түсіріп, соққы беруін одан әрі жалғастырған. Сол сәтте төреші екеуін ажыратып, жекпе-жекті тоқтатты.
Алайда Лятифов кездесудің аяқталғанын мойындамай, жекпе-жекті жалғастыруға тырысқан. Нәтижесінде ол есін жиюға көмектескен төрешіге шабуылдады. Ал төреші Ананян "гильотина" тұншықтыру тәсілін сәтті қолданып, есінен танған спортшыны секунданттардың қолына тапсырған.
Жарнама