auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Токиодағы Олимпиада ойындарының лицензия иегері Ыстықкөлді рекордтық көрсеткішпен жүзіп өтті

Токиодағы Олимпиада ойындарының лицензия иегері Ыстықкөлді рекордтық көрсеткішпен жүзіп өтті
Виталий Худяков. Сурет: Olympic.kz©
Худяков бесінші тамыз күні Шолпан-Ата уақытымен 5:15-те жүзуді бастап, Каджи-Сая жағажайына жетті. Судың темпертаруасы 18-19 градус, ал жалпы қашықтық 56 шақырым. Ыстықкөлдегі ең терең жер 523 метрді құраған. Жалпы алғанда, Виталий Худяков Ыстықкөлді 13 сағат 18 минутта жүзіп өтті. Аталған уақыт пен қашықтықты Қырғызстан жүзу федерациясының өкілі Ахмет Анарбаев тіркеген. 

"Мұндай нәтиже көрсеткеніме қуаныштымын. Дайындық бекерге кетпеді. Келесі жылы өтетін Олимпиада ойындарында жанкүйерімді қуантамын деген үміт бар",- дейді Худяков.

Спортшының әкесі, әрі жеке бапкері Евгений Худяков Olympic.kz сайтына сұхбат берді.

"Былтыр Виталий Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Виталий екеуміз Олимпиадаға арналған ерекше оқиға дайындағымыз келіп, Ыстықкөлді жүзіп өту керек деп шештік.  Әлемдегі қазіргі жағдай болмағанда, осы күні Олимпиада ойындарында бақ сынап жатар едік. Шынымды айтсам, жүзу кезінде Виталиді төрт рет тоқтатқым келді. Өйткені, ұлым үшін қатты уайымдадым. Бірақ ол соңына дейін шыдап, есте қаларлық нәтиже тіркеп отыр. Дайындықты жазда, қысқа шақырымдардан бастадық. Жүзу басталатын күні Виталий бәріне де дайын болды. Сол себепті, осындай жетістікке жетіп отыр. Оның бұл көрсеткішімен мақтанамын, келесі жылы Олимпиада ойындарында жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін",- дейді спортшының бапкері.

Айта кетелік, Виталий Худяков Ақтөбе облысының атынан сынға түседі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол төрт рет Азия чемпионатында топ жарған (2013, 2017, 2018, 2019).

Сондай-ақ, 2014 және 2016 жылдары Виталий Худяков Жағажай ойындарында жеңіске жеткен. Әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі – жетінші және тоғызыншы орын.  2016 жылы Рио Олимпиадасында бақ сынады. Қазіргі сәтте Худяковтің қоржынында Токио Олимпиадасының жолдамасы бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама