Токиодағы Олимпиада қалашығында 15 адамнан коронавирус анықталды

Олимпиада қалашығында коронавирус жұқтыру туралы бірінші дерек тіркелді. Бұл туралы Токио олимпиадасының ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Токио-2020 компаниясының бас директоры Тоширо Муто ел астанасындағы скринингтік тексеру кезінде шетелден келген делегация мүшесінен коронавирус анықталғанын, бірақ, адамның вакцина мәртебесі туралы хабардар еместігін айтты. 

Ұйымдастыру комитеті сонымен 15 адамның вирус жұқтырғаны туралы хабарлады. Оның жетеуі - мердігер, алтауы - делегация мүшесі, екеуі - журналист. Сегізі ойынға шетелден келген және Жапонияда екі аптадан аз уақыт болған, ал жетеуі - Жапония тұрғыны.

Жалпы, 1 шілдеден бастап ұйымдастырушылар COVID-19 инфекциясының 45 жағдайын жариялады.

8 шілдеде Жапонияға келген ХОК президенті Томас Бах Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Сугаға Олимпиада қалашығы тұрғындарының 85 пайызы COVID-19-қа қарсы толық вакцинация алатынын айтты.

Айта кетейік, бүгін Олимпиада қалашығы спортшыларды қабылдай бастады.

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды