Токиода төтенше жағдай жарияланды

сурет: lifeinjapan

Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга Токиода төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Күншығыс елінің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сәрсенбіде Токиода коронавирус инфекциясын 920 адам жұқтырған. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 206 адамға көп.

Еске салайық, 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапонияда Жазғы ойындар өтеді. Осыған байланысты ел билігі карантинді 22 тамызға дейін созуды жоспарлаған. Олимпиада ұйымдастырушылары төрт жылда бір келетін байрақты бәсекеде шетелдік жанкүйерлердің елге кіре алмайтынын және тек жергілікті жанкүйерлерге тамашалауға рұқсат беретінін мәлімдеген. Оның өзінде жанкүйер саны үлкен спорт ареналарында 10 мыңнан аспауы тиіс.  

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды