Конференция Лигасында "Хайдукпен" кездескен "Тобыл" жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Сплит қаласында өткен ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталып, 19 жастағы Марин Любичич дубль авторы атанды. Хорватиялық шабуылшы 21 және 53-минуттарда Мокин қақпасынан саңылау тапты.
Енді "Тобыл" мен "Хайдук" арасындағы қарымта ойын 29 шілдеге жоспарланған. Аталмыш матч елорда уақытымен 21.00-де басталады.