Теңге ілу спортының финалындағы теңге саны өспек
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұлттық спорттың ерекше ойындарының бірі теңге ілу ойынының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұлттық спорттың ерекше ойындарының бірі теңге ілу ойынының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.
Бұл ұсыныс 28-29 қараша күндері елордада өтетін Ұлттық спорт қауымдастығының 2021 жылды қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде талқыланады.
Қолданыстағы ережеге сәйкес, спортшы белгіленген қашықтықта, белгіленген уақыт аралығында жерден 5 теңгені ілуі керек болатын. Ұсынылған өзгеріс қабылданса, 2022 жылдан бастап ресми жарыстарда финалға шыққан спортшылар жерден 7 теңге ілетін болады және екі мүмкіндік беріледі. Теңге саны көбейгенімен, ойын ережесінде бекітілген қашықтық пен теңгені ілу барысындағы уақыт лимиті өзгермейді.
Бұл өзгерістің мақсаты жеңімпаз ойыншының шеберлігін елге таныту әрі теңге ілу спортын қызықты және тартысты етуді көздейді.
Жарнама