auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Сұрауы бар". Дәурен Абаев 2024 жылғы Олимпиада жайлы

"Сұрауы бар". Дәурен Абаев 2024 жылғы Олимпиада жайлы
©gov.kz/memleket

Спорт саласындағы басшылар 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылады. Жиында спортшылардың ірі халықаралық жарыстарда көрсеткен аралық нәтижелері, оларды даярлау жүйесіндегі өзгерістер, медициналық-биологиялық қамтамасыз ету және допингке қарсы бағдарламалар, сондай-ақ өңірлерде олимпиадалық спорт түрлерінің жай-күйі мен дамуына қатысты мәселелер қаралды, делінген ведомство сайтында.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялар санына емес, медальдардың сапасына назар аудару қажет екенін айтты. Себебі жалпы командалық есеп алтын медальдар саны негізінде жүргізіледі. Кездесу барысында министр федерация басшылары мен жаттықтырушыларға бірқатар тапсырма берді. Мәселен, ендігі кезекте құрама командаларға жастарды тарту арқылы жасарту және халықаралық жарыстарға іріктеуді барынша ашық өткізу бойынша жұмысты белсенді жүргізу қажет.

"Жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін үлкен қаражат бөлініп, қолдау көрсетілуде. Қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Дегенмен министрлік қайырымдылықпен айналыспайды. Сондықтан әр теңге үшін қатаң сұрау болады.  Мұны осында отырған әрқайсысыңыз есте сақтауға тиіссіздер. Жоғары жетістіктер спорты нақты нәтижелерге негізделеді, қалғаны – дене шынықтыру. Сондықтан бізге жаңа жеңістер керек", – деді Дәурен Абаев.

Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов  Парижде 329 медаль жиынтығы ойналатынын айтты (Токиода 339 медаль жиынтығы ойналған еді). Айта кетейік, еліміздің құрама командалары осы жылдың басынан бері 19 әлем чемпионатына және 20 Азия чемпионатына қатысып, 140 медаль жеңіп алды: оның ішінде 35 алтын, 40 күміс, 65 қола бар. 2022 жылдың соңына дейін біздің спортшылар тағы 3 әлем чемпионатына және 3 Азия чемпионатына қатысады.

Үш жарым сағатқа созылған жиында Спорттық медицина және оңалту орталығының директоры Азамат Нұрматов, Ұлттық допингке қарсы орталықтың директоры Майра Бақашева, спорт басқармаларының басшылары, спорт түрлері бойынша  федерация өкілдері және басқа да жауапты тұлғалар жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

"Құрама команда қатарына спортшыларды іріктеу рәсімдерінің ашық өтуі маңызды. Бұл біздің басты назарымызда болады. Алдағы уақытта министрлік спортшылардың барлық жетістіктерін, жарыстарға қатысу кестесін бақылауға мүмкіндік беретін е-sport жүйесін іске қосады. Әділеттілік пен ашықтық маңызды, спорт жүйесінде салауатты бәсекелестік болуы тиіс", – деді Дәурен Абаев.

Министр спорт басқармаларының басшыларына олимпиадалық спорт түрлерінің басымдылығын ескере отырып, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің жұмыс істеу  қағидаттары мен тәсілдерін қайта қарау, федерациялармен бірлесіп спорт резервін дайындаудың бірыңғай стандартын және оқыту бағдарламаларын әзірлеуді тапсырылды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама