Стендтік атудан азия чемпионаты: Қазақстан 11 медальға ие болды

©olympic.kz

Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы 11 медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Olympic.kz.

Олардың барлығы "трап" сынында жеңгендер.

Жеке есепте Сәрсенкүл Рысбекова үшінші болды. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Максим Бедарев тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Анита Нұрланова "алтын" жеңіп алды. Наргиза Сарманова екінші, ал Анастасия Прилепина үшінші болды.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте біздің спортшылар чемпион атанды. "Трап\микс" аралас жаттығуында Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов "күміспен"марапатталды. Бағдарламаның осы түріндегі жасөспірімдер арасында Анастасия Прилепина мен Богдан Конченко бірінші болды, ал Мария Мартинкевич/Никита Моисеев дуэті "күміс"жеңіп алды.

Командалық есепте әйелдер арасында Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды. Жасөспірімдер өз кезегінде бірінші болды.

Айта кетейік, жарысқа әлемнің 16 елінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Азия чемпионаты 8 тамызға дейін жалғасады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды