Астанада қаласындағы "Алау" мұзайдыны сарайында конькимен жүгіруден спринтерлік және классикалық көпсайыстан ел чемпионаты аяқталды, деп жазады Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты.
Еліміздің әр өңірінен келген спортшылармен бірге Әлем кубогі кезеңдерінен елге оралған Ұлттық құрама өкілдері де сынға түсті.
Екі күнге созылған чемпионаттың спринтерлік көпсайысында әйелдер арасында Екатерина Айдова (Қарағанды облысы) қарсылас шақ келтірмеді. Күміс Дарья Говриловаға (Астана), қола Алёна Лифатоваға бұйырды. Ерлер арасында Евгений Кошкин жеңіске жетсе, Артур Галиев екінші (Астана), Александр Кленко (Қостанай) 3-орын алды.
Классикалық көпсайыста әйелдер арасында Алина Дауранова (Астана) чемпион атанса, күміс Арина Ильященко, қола Кристина Шумекованың (СҚО) еншісінде кетті. Ерлер арасындағы классикалық көпсайыста Астана қаласының конькишілері ешкімге дес бермеді. Ұлттық құрама көшбасшысы Дмитрий Морозов топ жарса, Демьян Гаврилов күміс, Бақдәулет Сағатов қола медаль иегері атанды.
Спринтерлік және классикалық көпсайыста ұпай есептеу
Айта кетейік, көпсайыста жеңімпаздар мен жүлдегерлер жеке-жеке қашықтықта емес, барлық қашықтықтан кейін ұпай саны бойынша анықталады. Ескерту: мұнда ең көп емес, ең аз ұпай жинағаны жеңіске жетеді. Мысалы, 500 метрді 33,80 секундта жүгіріп өтсе, бұл 33, 800 ұпай деген сөз. Ал мың метрді 1.07,50 секунда (67,50 сек) еңсерсе, бұл екіге бөлініп, 33,750 балл болады. Соңында осы ұпайлар қосылады. Яғни, 500 метрдегі нәтиже ұпай есептеуде бағдарға алынады. Бес мың метрдегі көсеткіш 10 бөлінеді.
Спринтте ерлер мен әйелдер 500-1000 метрге (бірдей) жүгіреді. Ал классикалық түрінде әйелдер 500-1500 метрге, ерлер 500-3000 метрге жарысады.