auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Спорттық жаттығудан кейін сыра ішу

Спорттық жаттығудан кейін сыра ішу

Спортзалдағы немесе үйдегі ауыр жаттығудан кейін салқын сусынға тартатыны бар. Шөл басатын сусынның бірі сыра болуы мүмкін. Алайда бапкерлердің бәрі алкоголь және спорт - қарама-қайшы дүниелер деп жатады. Шынымен солай ма? Осы мақалада қарастырып көрейік. 

Жаттығудан кейін сыра ішсе бола ма?

Спортпен шұғылданып, алкоголь ішуге боады, бірақ, ішімдіктің мөлшері орынды боу керек. Егер спиртті ішімдікті тым көп ішсеңіз, денеңіздің тұлғалы әрі тартымды болып қалуы екіталай. Өйткені этил спирті бұлшық ет тіндерінің синтезін баяулатады. Ал жаттығудан кейін бірден спирттік ішімдік ішуге мүлде болмайды. Сондықтан жаттығудан кейін сыраны ойламағаныңыз жөн. 

Сыра құрысқан денеңізді босатып, өне бойыңызды балқытатынына қарамастан, бұлшық ет тіндерінің синтезін баяулататынын айттық. Бұл дегеніміз бұлшық ет массасы өспейді деген сөз. Ал бұлшық еттің өсуі жаттығу үстінде емес, жаттығудан кейін болады, осыны ескеріп қойыңыз. 

Сонымен қатар, сыра зәр айдаушы сусын. Ал терлегендіктен ауыр жаттығудан кейін онсыз да ылғал жоғалтып отырсыз, ал оның үстіне сыра ішер болсаңыз, бойыңызда су тапшылығы пайда болады. Су мен ақуыз - бұлшық етті түзетін басты екі құрам. 

Сыраны жаттығудан кейін 6-7 сағат өткесін ішуге болады. Сонымен қоса, жаттығу алдында да осынша уақыт бұрын бұл сусынды ішпеген абзал. Статистикаға сүйенсек, жаттығудан соң келесі күні де сыра ішкен адамның бұлшық ет тіндерінің өсуі 10-20 пайызға төмендейді екен.

Жаттығудан кейін сыра ішсеңіз не болады?

Сыра шөліңізді басып, өне бойыңызды былбыратып (бұлшық етті де босатады), ағзаны микроэлементтермен байытатынына қарамастан, оны ауыр физикалық жаттығудан кейін ішупеуге кеңес етілген.

Жаттығу - бұл денеңізді шынықтырып, жетілдіру процессі. Ол кезде жүрек-қан тамырларының жүйесі, өкпе белсенді қызмет атқарып, ағзаңыз жалпылай қврқынды жұмыс сітей бастайды, оған үлкен кұш жұмсалады. Ал сыраның бір шөлмегі бауыр мен бүйректің жұмысын бәсеңдетіп, ағзада су жетіспеушілігін тудырып, үлкен зиян келтіреді. 

Кейбір адамдар сыра сергітетіндіктен жаттығу алдында ішіп алу керек деп есептейді. Бұлай да істеуге болмайды. Біріншіден, оның өзге өнім сияқты колориясы бар (ал жаттығу алдында 1-1,5 сағат бұрын ештеңе жеуге болмайды). Екіншіден, сыраның зәр айдауына байланысты ағзадағы суды реттеу жұмысы бұзылады. Үшіншіден, жаттығу кезінде сіз үлкен күш жұмсайсыз, оның үстіне этил спиртін қорыту үшін тағы да күш керек (ағзаға түсетін стресс артады). 

Ғалымдардың пікірінше, сыраның пайдалы жалғыз түрі (әлбетте ол да орынды ішкенде) қоңыры. Алайда оны да жаттығудан кейін 6-7 сағат өткен соң ғана ішуге болады. Қоңыр сыраның құрамы қызыл шарапқа ұқсас, ал өз кезегінде ол орынды ішсе, жүрек-қан тамырлары мен жалпы тамыр жүйесіне пайдалы.

Сыраның тестостеронға әсері

Денеңізді тартымды етіп, тұлғалы көріну үшін тестестерон қажет. Ал егер сыраның мөлшерден көп сілтесеңіз, ондайды армандамаған да дұрыс шығар. Бұл сыраның құрамында әйелдер гормоны - эстрогеннің көп мөлшерде болуына байланысты. Эстроген тестестеронды басып тастайды. 

Сыраны көп ішетін ерлердің өне бойында әйел адамның пішініне ұқсастық пайда бола бастайды: іш, кеуде, бөксенің үлкеюі. 

Әйел адам үшін сыраның зияны аздау, дегенмен, нәзік жандыларға да оны мөлшерден тыс пайдалануға болмас. Біріншіден, жоғарыда айтып өткендей сыраның құнары жоғары, сондықтан салмақ өсе бастайды. Екіншіден, алкогольге тәуелділік пайда болады, ал әйел адамдарда ол емделмейді екен. 

Жаттығудан кейінгі ағзаның күйі

Сыраны жаттығудан кейін ішуге болмайтынын сөз еттік. Енді бұл ішімдіктің ішкі органдарға қалай әсер ететіндігін қарастырайық:

  • Физикалық жаттығу кезінде көп қуат жұмсалады, жүрек-қан тамырлары қарқынды жұмыс жасайды. Ал сыраны қорыту үшін тағы да күш қажет. Осыдан барып жүрек-қан тамырларына ауырлық түседі.  
  • Спирттік ішімдіктердің бәрі бауырға зиян. Спортпен шұғылдану кезінде де бауырға ауырлық түседі, сондықтан сыра ішіп жаттығу бұл органға екі есе ауырлық түсіреді. 
  • Салмақ түскен бұлшық еттер жаттығудан кейін қалпына келу керек. Егер сыраны жаттығудан кейін ішсеңіз, олар босап, нәзік әрі әлсіз болып кетеді. Осыдан кейін ауырлық түскенде жыртылып, жарақат алуыңыз мүмкін. 
  • Сырада эстроген көп екінін айттық, ал бұлшық ет түзілу үшін керісінше - тестестерон қажет. Сыраны көп ішетін ер адамның тұлғасы әйелдің пішінен ұқсай бастайтынын да айтқанбыз.
  • Сыра құнарлы болғандықтан онымен жылдам салмақ жинап қоюға боалды (майлар). Ал семіру барлық ағзаға ауырлық тудырады. 

Жалпы алкогольді көп ішу адамның ағзасына залалын келтірері сөзсіз. Мұның арты алкогольдік тәуелділікке алып келуі де ықтимал. 

Ал алкогольсіз сыра ішсе бола ма?

Құрамында этил спирті 0,5 пайыз ғана болғандықтан алкогольсіз сыра жаттығудан кейін ішкен адамның ағзасына азырақ зиян келтіреді. Дегенмен оның құрамында да бұлшық ет түзуге бөгет болатын өзге компоненттер бар. Ал алгогольсіз сыраның құнарлығы кәдімгі сырадан кем емес. Сондықтан өзіңізге өзіңіз зиян келтірмей, спортпен айналысуға жұмсаған күшіңізді жоқ етудің не қажет бар? 

Сол себепті мұндай сыраны да жаттығудан кейін 6-7 сағат өте ішкен дұрысырақ болады. Жаттығудан бұрын да осынша уақыт алдын ішпеген абзал. 

Жаттығудан кейін 2 cағатан соң

Бұлшық ет өсуінің негізгі уақыты жаттығу кезінде емес, одан кейінгі демалыс уақытында болатынын білдік. Алкоголь бұл үдерісті тежейтіні де есімізде. Ғалымдардың сөзінше, бұлшық еттің қалыпқа келуінің ең оңтайлы уақыты - 10 сағат. Міне осыдан барып жаттығудың алдында және одан кейін 10 аралықта сыра ішпеген дұрыс. Сыра ішкен жағдайда ағза бар күшін бұлшық ет өсіруге емес, токсиндерді жоюға жұмсай бастайды. 

Бұлшық еттің 80 пайызы судан тұратынын ескерсек, таза су өте қажет екені өзімен өзі түсінікті. Су балансын бұзбау керек. Ал сыра ішсеңіз олай ете алмайтыныңыз анық, өйткені сыра зәр айдайды да сіз көп мөлшерде суды ағзадан шығарып тастайсыз. Спортпен шұғылданғаннан кейін газсыз таза су және шөп шайын ішу керек. 

Дегенмен осының бәрін тізе келе жаттығудан кейін сыра ішуге бола ма дегенде пікірлер әлі күнге дейін түрлі болып қалуда. Ал біз жоғарыдағы дәлелдерді келтіре келе кез келген алкогольді ішімдік жаттығуларыңыздың нәтжесін өте төмен ететінін айтқымыз келеді. 

Өкінішке қарай бұл тақырыпта қазақша видеоматериал табылмады. 

 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама