"Шахтер" Конференция Лигасының алғашқы ойынында жеңіліс тапты

сурет: digisport

Қарағандының "Шахтері" Конференция Лигасының алғашқы матчін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. УЕФА-ның жаңа турнирінде кеншілер Румынияның ФКСБ командасымен қонақта ойнап, 1:0 есебімен жеңіліс тапты.

Ойындағы жалғыз голды 38-минутта Андрей Кордя соқты. Кеншілердің матч соңына дейін таразы басын теңестіретін бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда ФКСБ қақпашысы мүмкіндік бермеді. "Шахтердің" бас бапкері Магомед Адиевтің ауырып қалуына орай, Бухарестке бармады. Осыған байланысты команданы Андрей Финонченко басқарды.   

Енді қос команда арасындағы қарымта матч 29 шілде күні елорда уақытымен 20.00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды