Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
"Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі - жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, бұл шешім былтыр күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданған.
Бұған дейін Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылған еді.