Сергей Ткаченко алтыншы орында
©сурет: Сали Сабиров ҰОК
Бүгін Щучинск қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясы басталды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Щучинск қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясы басталды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Сергей Ткаченко К-90 тұғырынан секіруден алтыншы орын алды. Ол 234,4 балл жинады.
Бірінші орынды норвегиялық Халвог Эгнер Гранеруд (258,6), екінші орынды оның отандасы Мариус Линдвик (249,2) иеленді. Қола медаль Владимир Зогравски еншісінде (245,9).
Жарнама