Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға байланысты Мемлекеттік қызмет істері тексеру нәтижесін жария етті.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметі бойынша, агенттіктің бас мамандары Рысқұлбек пен Теміржанов қол қойған құжатта оқиғаның барлық жай-жапсары толық зерттеліп, жанжалға Серік Сәпиев кінәлі делінген екен.
Құжатта Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 6-бабының 5-тармақшасын, сондай-ақ 8-баптың 1) және 7) тармақшаларын бұзғаны жазылған екен.

Осылай айналып келгенде, қол көтерген бағынышты қызметкер емес, жанжалды ушықтырмай, қол жұмсаудан қашып, эмоциясын ұстаған Сәпиев кінәлі екен.
Жарнама