– Қор Президенттік спорт клубын тарату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі.
«Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы және «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасы өз жұмысын жалғастырады және тікелей «Самұрық-Қазына» қорынан қаржыландырылады.
Таратылатын ПКСК экс-басшысы Асқар Баталов «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының спорт мәселелері жөніндегі орынбасары ретінде қызметін қадағалауды жалғастырады.
«Мақсат - көп деңгейлі есеп беру және қаржылық қызметті, сондай-ақ әкімшілік-басқару ұжымын ұстауға қосымша шығындарды болдырмау», - деп атап өтті Асқар Баталов.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» ПКСК 2012 жылы спортқа мемлекеттік қолдауды күшейту, Қазақстан мен оның астанасының әлемдік аренадағы оң имиджін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттауға және жоғары спорттық жетістіктерді дамытуға ықпал ету мақсатында құрылған болатын.