Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы 11-ші жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Сурет: Eye of the Tiger Management

Бірінші орта салмақтағы WBC жастар чемпионы атанған 21 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов профиде кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Ол канадалық Монреалдағы бокс кешіне қатысты, ал қарсыласы 25 жастағы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос болды.


Жекпе-жек он раундқа жоспарланса да, Ахмедов бірінші кезеңнен бастап басымдық танытып, жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.


Бұл әлі жеңіліп көрмеген қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі, оның 10 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.


Айта кетейік, Ахмедов 25 қазанда мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді. 21 жастағы боксшы үшін бұл 2019 жылы өткізетін бесінші кездесуі. Ол 2018 жылдың сәуірінен бастап кәсіпқой шаршы алаңда жұдырықтасып келеді. 


Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды